Шатыр конструкцияларын гидрооқшаулау бойынша жұмыстардың толық циклі – нысанды тексеруден бастап, тиімді шешімді таңдауға, жұмысты орындау және кепілдік қызмет көрсетуге дейін
Жылдам. Қарапайым. Сенімді.
Кәсіби гидрооқшаулау жұмыстарының толық кешені
Рус/Қаз
• Нысаныңыз үшін есептеуді ТЕГІН жүргіземіз. Өтінім қалдырыңыз – сізбен маман хабарласады
Біз шатырды гидрооқшаулау бойынша жұмыстардың толық циклін қамтамасыз етеміз: нысанды тексереміз, мәселелі учаскелерді анықтаймыз және ең тиімді шешімді таңдаймыз

Қажет болған жағдайда бетті дайындау, жергілікті жөндеу жұмыстарын жүргізу, ескі қабаттарды алып тастау және аэраторларды орнату жұмыстарын орындаймыз. Forteco материалдарын қолданамыз -
олар герметикалық әрі тозуға төзімді қорғаныс қабатын қалыптастырады. Барлық жұмыстар 3 жыл мерзімге ресми кепілдікпен орындалады
Forteco кәсіби гидрооқшаулау шешімдері
Қызмет

Қысқаша және нақты

Сапа мен қызмет ету мерзіміне кепілдік берілетін гидрооқшаулау жұмыстарының толық циклі
Гидрооқшаулау жұмыстарының толық циклі: нысанды тексеру, дайындау, жағу және тексеру
Forteco материалдары көптеген беттерге жоғары адгезияға ие
Күрделі, өнеркәсіптік және коммуналдық нысандарға арналған шешімдер
Нысандарға 3 жыл мерзімге кепілдік қызмет көрсету
1
2
3
4
Кезеңдер
Қызмет құрамына не кіреді

  Нысанға шығу және тексеру. Біздің инженерлер беткі қабатты мұқият қарайды, қажетті өлшемдерді алады, конструкцияның жалпы жағдайын бағалайды және ылғал өтуі мүмкін жерлерді анықтайды.
  Бетті дайындау. Ластану мен шаңнан тазалаймыз, ескі әлсіз қабаттарды алып тастаймыз, кейін бетті грунттаймыз. Бұл мастиканың біркелкі жағылып, сенімді бекітілуін қамтамасыз етеді.
 FORTECO мастикасын жағу. Бір компонентті мастика қолданылады, ол тұтас әрі жігісіз қорғаныс қабатын қалыптастырады. Дәл сақталған жағу технологиясы жабынның жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді
  Армирлеу. Гидрооқшаулау қабатын күшейту үшін FORTECO Fabric полиэфир матасын қолданамыз. Материал серпімді, бет бедерін толық қайталайды және қатпарлар түзбейді. Бұл мастиканың берік жабысуын қамтамасыз етіп, су жиі өтетін аймақтарда да толық герметиканы сақтайды. Күрделі учаскелерде 100% қорғаныс үшін қос қабатты армирлеу жүргізіледі.
  Сапаны бақылау. Жабын жағылғаннан кейін оның тұтастығын тексереміз, ақаулардың, жіктердің немесе әлсіз жабысып тұрған аймақтардың болмауына кепілдік береміз.
  Қорытынды қабылдау. Сіз орындалған жұмыстардың ресми түрде қабылданғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ әрі қарай пайдалану мен күтім бойынша ұсыныстарды аласыз.

Осындай тәсілдің артықшылықтары:
  Гидрооқшаулау тұтас, жігісіз қабат түрінде орындалады, бұл су өту қаупін барынша азайтады.
  Күрделі архитектуралық элементтер (түйісу орындары, су қабылдағыштар және т.б.) мұқият өңделеді - жабын бет пішінін қайталап, толық герметиканы сақтайды.
  Қолданылатын технология экологиялық таза, қауіпсіз, иіссіз және еріткіштерсіз.
  Гидрооқшаулау кең температуралық диапазонға және қолайсыз сыртқы әсерлерге - ультракүлгін сәулеге, аязға, жауын-шашынға төзімді.
  Жылдам орнату: барлық процесті толық ұйымдастыру арқылы уақытыңыз бен ресурстарыңызды үнемдейміз.
Кейстер
Біз қорғаған нысандар: Forteco технологияларының іс жүзіндегі үлгілері
Әр жоба - қолданылған технология мен жинақталған тәжірибенің нәтижесі.
Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығы

Тапсырыс беруші жұмсақ шатырдың кейбір учаскелерінде су өтуі, сондай-ақ түйісу орындарындағы зениттік шам арқылы судың енуі мәселесімен жүгінді.
Нысан:
Ауданы:
270 м2
Жұмыс мерзімі:
10 күн
Aport Mall сауда-ойын-сауық орталығы
Жалпы ауданы шамамен 20 000 м² болатын шатырдың бір бөлігінде рулонды гидрооқшаулау жабындарының көптеген механикалық зақымданулары, қабаттарының ажырауы және жарықтары анықталды.
Нысан:
Ауданы:
20.000м2
Жұмыс мерзімі:
120 күн
Фитнес орталығы, Керей-Жәнібек хандар көшесі 103Б
Жұмсақ шатырдың бүкіл аумағында көптеген су өтулер анықталды. Осыған байланысты гидрооқшаулаудың тұтас монолитті қабатын жағу және күрделі түйіндерді өңдеу қажет болды.
Нысан:
Ауданы:
1365 м2
Жұмыс мерзімі:
12 күн
Техникалық суға арналған резервуарлар


Жаңа резервуарлардың бүкіл аумағына гидрооқшаулау монтажы
Нысан:
Ауданы:
408 м2
Жұмыс мерзімі:
14 күн

Кока-Кола Алматы Боттлерс өндірістік компаниясы

Металл шатыр конструкцияларының түйісу аймақтарын гидрооқшаулау
Объект:
Ауданы:
1360 м2
Жұмыс мерзімі:
16 күн
Мәселе:

Жұмсақ шатырдың жекелеген учаскелерінде су өтуі байқалды, сондай-ақ түйісу орындарындағы зениттік шам арқылы судың енуі анықталды.

Шешім:

Шатыр жабындысы мен зениттік шам түйіндеріне тексеру жүргізілді. Зақымдалған учаскелер дайындалып, түйісу орындары мен қосылыстар қалпына келтірілді. Мәселелі аймақтарға жұмсақ шатыр мен зениттік шам қосылыстарының герметизациясын қамтамасыз ететін гидрооқшаулау құрамы жағылды.

Нәтиже:

Су өту мәселелері толық жойылды, зениттік шамның түйісу орындары герметизацияланды. Шатыр қалыпты режимде жұмыс істеп, жауын-шашыннан сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді.
Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығы
Мәселе:

Жалпы ауданы шамамен 20 000 м² болатын шатырдың бір бөлігінде рулонды гидрооқшаулау жабындарының көптеген механикалық зақымданулары, қабаттарының ажырауы және жарықтары анықталды.

Орындалған жұмыстар:

Шатырдың жалпы жағдайына кешенді тексеру жүргізілді.
Шатыр торабындағы барлық күрделі және осал элементтер өңделді: парапеттер, түйісу орындары, бекітпе орнатылған аймақтар, су ағызу воронкалары және басқа да ықтимал проблемалы учаскелер.
Бетті сенімді қорғауды қамтамасыз ететін үздіксіз, тұтас гидрооқшаулау қабаты жағылды.

Нәтиже:

Жұмыстар толық көлемде орындалды, біздің араласу аймағындағы шатыр қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Aport Mall сауда-ойын-сауық орталығы

Мәселе:

Жұмсақ шатырлы фитнес-орталық нысанында көптеген су өтулер анықталды. Жағдайды шатырдағы күрделі түйіндер мен түйісу орындарының көп болуы қиындатты, дәл осы аймақтар негізгі тәуекел аймақтары болды.

Шешім:

Шатырға тексеру жүргізіліп, бүкіл бетке кешенді гидрооқшаулау жасау туралы шешім қабылданды. Жұмыстар негізді мұқият дайындаумен орындалды. Түйісу орындарына, примыканияларға және күрделі тораптарға ерекше назар аударылып, күшейтілген гидрооқшаулау қолданылды.

Нәтиже:

Жұмыстар аяқталғаннан кейін су өту мәселелері толық жойылды, бұл жауын-шашын кезеңінде расталды. Тапсырыс беруші нәтижеге қанағаттанды.

Фитнес орталығы, Керей-Жәнібек хандар көшесі 103Б
Мәселе:

Тапсырыс беруші өндірістік компания нысанындағы шатырдан су өту мәселесі бойынша жүгінді. Аталған нысандағы шатыр толықтай металл конструкциясынан орындалған.

Шешім:

Шатырға егжей-тегжейлі тексеру жүргізіліп, су өтулердің негізгі себептері шатыр элементтерінің түйісу орындарында екені анықталды. Сонымен қатар жекелеген аймақтарда бекітпе элементтердің коррозияға ұшырауы да су өтудің қосымша себебі болғаны анықталды.
Жұмыстар басталар алдында бет дайындалып, ластану мен шаң тазартылды. Кейін мәселелі учаскелерге армирлеуші мата қолдана отырып гидрооқшаулау материалы жағылды.

Нәтиже:

Жұмыстар аяқталғаннан кейін және кейінгі жауын-шашын кезінде су өту мәселелерінің толық жойылғаны расталды. Тапсырыс беруші орындалған жұмыстардың нәтижесіне қанағаттанды.

Кока-Кола Алматы Боттлерс өндірістік компаниясы
Талап:

Жаңа салынған резервуарлар үшін пайдалану жүктемелеріне және техникалық сумен тұрақты жанасуға төтеп беретін ұзақ мерзімді әрі сенімді гидрооқшаулау қажет болды.

Шешім:

Резервуарлардың беттері мен барлық түйісу тораптарына егжей-тегжейлі тексеру жүргізілді. Негіздер дайындалып, түйісу және қосылу аймақтары күшейтілді. Ішкі беттерге берік қорғаныс қабатын қалыптастыратын гидрооқшаулау құрамы жағылды.

Нәтиже:

Резервуарлар тұрақты әрі толық герметикалық гидрооқшаулауға ие болды. Конструкция жобалық талаптарға сәйкес келеді және техникалық суды қауіпсіз сақтауға дайын.
Нысан: Боралдай кенті — техникалық суға арналған резервуарлар

Біз қалай жұмыс істейміз
Бізбен жұмыс істеу процесі клиенттер үшін толықтай ашық әрі түсінікті.
Нысанды тексереміз
Су өту себептері мен осал аймақтарды анықтаймыз.
1
2
Бетті дайындаймыз
Түйісу орындарын, қосылыстарды және мәселелі аймақтарды күшейтеміз.
3
Удеріс
Гидрооқшаулауды жағамыз
Жігісіз тұтас қорғаныс қабатын жасаймыз.
4
Нысанды кепілдікпен тапсырамыз
Сапаны бақылау және 3 жылдық ресми кепілдік береміз.
5
Тиімді шешім таңдаймыз
Сметаны жасаймыз және міндетке сәйкес материалдарды іріктейміз.
Өтінім
FORTECO гидрооқшаулауы бойынша тегін кеңес алыңыз
Су өту мәселесін шешіңіз — өтінім беруден бастаңыз
  • Нысаныңыз туралы толығырақ сипаттап, форманы толтырыңыз
  • Барлық мәліметтерді нақтылау үшін біз сізбен жақын арада хабарласамыз
  • Толық ақпарат пен тегін есептеуді алыңыз
Сенімді ынтымақтастыққа арналған байланыс деректері
Байланыс
БСН/ЖСН: 251140006203
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі 90/1,
3-қабат, 312/2-кеңсе
info@forteco.kz
© 2025 - ТОО «ФОРТЭКО»

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қаныш Сәтбаев көшесі 90/1, 3-қабат, 312/2-кеңсе Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма 9:00–17:00, сенбі–жексенбі — демалыс күндері
FORTECO деректемелері
БСН/ЖСН: 251140006203
Шот нөмірі: KZ23 8562 2031 5030 5523 Валюта: KZT
Банк: «Банк ЦентрКредит»
АҚ БИК: KCJBKZKX
Меню
Forteco